3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерге мағынасына қарай жедел өткен шақтың
жұрнақтарын, жіктік жалғауларын қойып көшіріп жазыңдар.
1. Келген ізіммен қаладан қайта шығып кет.... 2. Әділжан-ау,
сен не айт... ? 3. Өз көзіммен көр.. ғой. 4. Оны білмей қал...
көңілшектікке салын.... 5. Осында келуге асық... . 6. Екеуіңіз де бір
жерден шық... 7. Аман-сау кел... бе? 8. Жұрттың барлығы соған
қарай дүрлік.... 9. Талғардан бес-алты шақырымдай ұзап шық....
10. Келін деп кем көрмей, тең адамдарша сырласып, ұзақ сөйлес... .
11. Апасы үйме табақ еттің үстіне көк жуа тураған тұздық құй...
12. Қай жерге дейін жарысатынымызды межеле.... 13. Халықтың
қайратынан шәрбат іш... . 14. Бәріміз ертеңгі күнгі жиналысқа
дайындал... .
Answers & Comments
Verified answer
1. Келген ізіммен қаладан қайта шығып кеттім. (жіктік) 2. Әділжан-ау,
сен не айттың? (жіктік) 3. Өз көзіммен көрдім ғой. (жіктік) 4. Оны білмей қалдым көңілшектікке салындым. 5. Осында келуге асықты. (жедел өткен шақ) 6. Екеуіңіз де бір жерден шықтыңыздар. (жіктік) 7. Аман-сау келдің бе? (жіктік) 8. Жұрттың барлығы соған қарай дүрлікті. (жедел өткен шақ) 9. Талғардан бес-алты шақырымдай ұзап шықтық. (жіктік)
10. Келін деп кем көрмей, тең адамдарша сырласып, ұзақ сөйлесті. (жіктік) 11. Апасы үйме табақ еттің үстіне көк жуа тураған тұздық құйды. (жедел өткен шақ) 12. Қай жерге дейін жарысатынымызды межеледік. (жіктік) 13. Халықтың қайратынан шәрбат іштік. (жіктік) 14. Бәріміз ертеңгі күнгі жиналысқа дайындалдық. (жіктік).