3
-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Мәтінге тақырып
қойып, жоспар құр.
Балқаш Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген
теңіздің қалдығы болып есептеледі. Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында
орналасқан.
Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеген. Қазіргі Балқаштың ұзындығы
614 км, ең терең жері — 26,5 м.
Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі
бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыс-
тырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су — тұщы, ал шығысында – ащы. Көлге
негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы — 2 385 км. Іле өзенінің басы Қытайдың
Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы
ұзындығы – 740 км. Іле Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тілін-
дегi «ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді.
Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына
алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа т. б. 12 түрі кездеседі.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан
Answers & Comments
Ответ:
Астана
1.Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы.
2. Ақмола – Қазақстан Республикасының астанасы.
3. Астана бейбітшілік мызғымас ордасы