ertaiaida332
Өлкемізге көктем мезгілі келді. Ағаштар гүлдей бастады. Құстар жылы жақтардан оралып, шықылықтап ән салады. Гүлдер де ашылды. Дала толы бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ата-әжелерімізбен тауға барып, қыр гүлін терген қандай тамаша! Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. Наурыз - менің ең сүйікті мейрамым. Думандатқан халық ұлттық киімдерімізді киіп, түрлі ұлттық ойындар ойналып, дастархан ұлттық тағамдарға толғанда, көңіліміз бір жасап қалады. Ата-апаларымыздан құнды салт-дәстүрлерімізді үйреніп, бойымызға сіңіреміз.
Answers & Comments
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. Наурыз - менің ең сүйікті мейрамым. Думандатқан халық ұлттық киімдерімізді киіп, түрлі ұлттық ойындар ойналып, дастархан ұлттық тағамдарға толғанда, көңіліміз бір жасап қалады. Ата-апаларымыздан құнды салт-дәстүрлерімізді үйреніп, бойымызға сіңіреміз.