Саятшылар құстарды улкен екі топқа бөледі: оның бірі - желбесін құстар, екіншісі - тұяқты құстар. - Желбесін құстар дегеніміз - етін жеп, мамық жүнін шаруаға жұмсайтын пайдалы құстар тобы. Бұлардың өзі тіршілік етуіне қарай екіге бөлінеді. Суға жүзіп, су ішіндегі жалбыз, бал- дыр, неше түрлі жұмсақ жапырақ, сүлік, балық, улу жеп күнелтетін құстарды су құстары дейді. Оларға аққу, қоңырқаз, қоқиқаз, бірқазан, қаз, үйрек, шағала сынды құстар жатады. Суда жүзе алмайтын, қырда жүріп шалғын шөп, бидайық, бетеге, жусан, өсімдіктердің тамырын, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін қанаттылар тобын қыр кустары деп атайды. Бұл топқа дуадақ, жорға дуадақ, тырна, тарғақ сияқты құстар кіреді. Кейбір құстар қыр мен сулы өлкені бірдей жайлап жүреді. Олар қырғауыл, құр, шіл, ұлар, тауқұдірет, орақтұмсық, бөдене т.б. Тұяқты құстар өзара екі топқа бөлінеді. Олардың бір тобы адамнын үйретуiне көніп, аңшылық кәсіпке қызмет ететін қыран құстар болса, енді бір тобы не шаруашылыққа, не аңшылық кәсіпке пайдалануға жарамайды. Аң-құс аулайтын, саятшылықта қолданылатын қыран құстар, негізінен, үш түрлі: бүркіт, қаршыға, сұңқар тектес кұстар. Бұл үш текті құстың жаратылысы басқа құстардан өзге болып келеді. Олар туз кусының iшiндегi ен қарулы, тегеурiндi әрi ұшқыры саналады және олардың тұяқ, тұмсық бiтiмi де баска кустан өзгеше. Сондықтан оларды саятшылар тiлiнде кыран кус деп атайды. Ә.Маргулан Тусіндірме сөздік Саят - аң аулау өнері. Түз-үйден сырт жер. дала. Тегеурінді - Қайратты, күшті, қуатты. Ұшқыр - мұнда: өте жылдам ұшатын. жоспар!!!​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.