Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды.
Шығармашылық қызметтің өзге түрлері секілді, ою-өрнекті жасау өнері игерілген білімді жетілдіруге көмек көрсете отырып, интеллектуалдық деңгейді арттыруға ықпал етеді.
Ою-өрнектерді дайындау – көптеген ғасырлар бойы дамып келе жатқан ежелгі өнер. Қолданбалы өнердің әртүрлі пәндерінде ою-өрнектер өзінің ерекшелігін сақтай отырып, тек қана нақты өзіне тән тәртіпте орналастырылады. Ежелгі үлгілердегі ою-өрнектерде спецификалық элементтер: құстың, гүлдің және жануарлардың суреті көрсетіледі. Ежелгі түркілердің сеніміне сәйкес құс аспанның символын, балық – судың, ағаш – жердің белгісін берген. Ежелгі ою-өрнектердің мазмұнына көпетеген ғасырлар бойы сақталып келген, қолданбалы өнер шеберлердің толық көлемдегі дәстүрлері енгізілген. Қолда бар деректерге сүйенсек, шеберлер өздерінің біртумасын құра отырып, оған табиғаттың өзінен алынған үлгілерді нақты беруге тырысты. Суреттерде жануарлар денесінің бір бөлігі: мүйізі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, қасқырдың құлағы, иттің құйрығы, сонымен қатар көптеген өсімдік түрлері бейнеленді. Ою-өрнектер ауызша халық шығармашылығына іспеттес, қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады. Біздер уақыт өте келе жоғалып бара жатқан өнер түрлерімен таныс болуымыз қажет. Ол өзге өнер түрлерінің: қолданбалы, бейнелеу, сәулет және т.б. өнерлердің арасында өзіне лайық орынға ие болуы тиіс.
Answers & Comments