Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды.
Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. Соғдылықтарда жібек өндірудің дамығаны сонша,олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі— Жапонияның ертедегі астанасы Нарга қаласында жібек сататын орындар болған.
Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. V-ІІ ғасырлардың аралығы.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: