4 –тапсырма. Айтылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап жұпта диалогке құрыңыз (әр білім алушыға 2 минут). Сөйлеу кезінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтаңыз. [10] 1)Денсаулық- зор байлық
2)Аспан әлемінің құпиясы
3)Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының маңыздылығы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста. Міне, биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Сондықтан Ы.Алтынсариннің бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету баршамыздың міндетіміз деп ойлаймын.
Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда. Күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің өзі неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен Ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.
Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда. Баяндамамда Ы.Алтынсариннің шығармаларын зерделеу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда оның қаншалықты маңызды екенін көрсету. Мақсаты: Ы.Алтынсариннің шығармаларында айтылған мәселелердің әлі күнде өзекті екендігін айқындау