Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуолялар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без).
Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады.
Answers & Comments
Ответ: