Мені атам мен апам өсіріп бақты. Ауылда тұрдым, солардың тәрбиесін бойыма сіңірдім. Атамның мінезі жұмсақ, ал апам қатты кісі. Кішкентайымнан бетіне қарсы келіп көрмедім. Көзімді ашқалы бір тыным таппайтын. Үй мен түздің, қайнаған бар тіршіліктің тұтқасын өзі ұстады. Әрине, ол тіршіліктің ортасында мен де біте қайнастым. Жазда таң азанымен бақшадағы қарақат пен бүлдіргенді тергізетін, түске таяу үлкен мөшектерге тезек салып отын сақтайтын қораға таситынбыз. Ал кеш түсе мөңіреген бұзаудың алдынан шығамыз. Егер бір бұзау шешесін тауып алып еміп қояр болса апамның айқайынан аулақтау жүрейін деп сол күні қас қарайғанша үйдің маңын торуылдап жүретінмін. Ол кездері апамның мінезі "ойхоооой" еді ғой шіркін. Бірақ көңілі жайлы болған күндері мені қасына ертіп алып бала кезіндегі басынан өткен әңгімелерін баяндап беретін. Несін жасырайын, мені мектепке жетелеп апарған да, әріп үйреткен де сол кісі. Ал бертін келе өлең жазуға деген ынтамды байқағанда маған ерекше мейіріммен қарай бастады. Десе де, мен сол бір ықыласын шектен тыс пайдаланғым келмеді. Себебі, апам маған қаталдығымен ұнайтын. Студент болып қалада жүргенімде жазғы демалыс сайын ауылға барып тұрдым. Бірақ ауылдағы дәстүр бойынша ол үйге келген күні ғана "қонақ" боласың. Ал ертесінде күнделікті графикпен екі айлық жұмысың дайын тұрады. Қыста желінген салаттан босаған банкалар, шексіз, шетсіз кілемдер, үйдегі көрпе-жастықтар, ағаларымның көлік жөндегенде киетін май-май курткалары бәрі-бәрі мені күліп қарсы алатын. Арасында үйдегі еден мен ыдыс-аяқтар да "бізге қашан қонаққа келесің?" деп сығалап қарап тұрады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
осылай жаз