Су – тіршілік көзі, өмірдің қуаты. «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Сол үшін біз суды орынсыз пайдаланбауымыз керек. Оның қасиетті екенін ата-бабаларымыз бұрыннан айтып келе жатыр. Су болмаса, біз өмір сүре алмаймыз, себебі айналадағы қажетті өмірге заттардың барлығы сумен байланысты. Су – тіршіліктің жаны, оны ластайтын болсақ, зиянды заттармен, бізге де, қоршаған ортамызға да кері әсерін тигізеді. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлайды.
Адам ағзасынасудың пайдасы өте зор. Өйткені мидан бастап асқазанға дейінгі барлық мүше суды қажет етеді. Су ас қорытуға көмектеседі, оттегі тасымалдайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Су – баға жетпес байлық. Ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады.Суды өнеркәсіпте, мал шаруашылығында пайдаланады. Ерте кезде суды тек құдықтан ішіп отырған, оның тазалығына қатты көңіл бөлген. Суға түкіруге болмайды. Суды ластауға болмайды. Оны таза ұстап, қорғау керек.
3. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды сөзбен жазып, түрін анықтаңыз. Найдите числительные, напишите их прописью и определите его вид. (3 балл)
Answers & Comments
Ответ:
40-50. Қырық-елу есептік сан есім
60-70% алпыс-жетпіс пайыз есептік сан есім
90 %тоқсан пайыз есептік сан есім
3/4.төртен үш бөлшектік сан есім