4. Көршіңмен сөйлес. Ерік пен Айнұрдың телефон арқылы сөй
суін көрсетіңдер, қоршаудағы сөздерді қолданыңдар.
Жиі, синоптиктердің айтуынша, сынап бағанасы, үне
мі, жел тұрады, қалың, жұқа, түске дейін, түстен кейін
еріп кетеді, ұзақ, қысқа, оңтүстікте, батыста
Answers & Comments
- Сәлем, Айнұр!
- Сәлем, Ерік!
- Қалың қалай, жазылдың ба?
- Сауығып келемін, рахмет!
- Мектепті сағынған шығарсың?
- Иә, сағындым, мектепте қандай жаңалық болып жатыр?
- Мектепте жаңалық жоқ сол баяғыша, тек мектеп қоршауы алдыңғы күнгі желден құлайын деп тұр!
- Солай ма? Соңғы кездері жел жиі соққыштап кетті ғой!
- Иә, синоптиктердің айтуынша ертең де жел болады!
- Бірақ бүгін жылы болып тұр, сынап бағанасы -5 С * көрсетіп тұр!
- Иә, тап тір дауыл алдындағы тыныштық сияқты! Желден кейінгі жауған қар бүгін түске дейін еріп кетті ғой!
- Аха, еріп кетті! Ертең жел батыстан соғады, әрі суық болады, қалың киініп жүр, жарайма?!
- Иә, жарайды ! Байқадың ба қазір түн ұзақ, күн қысқа?
- Байқадым, мектепке таңғы 6 да тұрғанда қап-қаранғы боп тұрады ғой!
- Иә, менің кұрбым оңтүстікте тұрады, ол ауа райының жылы екенін айтты!
- Иә, оңтүстік бізден әлде-қайда жылы ғой! Бізге ондай болу қайда! Жақсы онда мені әкем шақырып жатыр, тұтқаны қоямын!
- Жақсы, тезірек бар! Ертең кездескенше! Саубол!
- Саубол!