4. Мəтіннен сан есімдерді тауып, дəптерге жаз. Найдите в тексте числительных и
запишите их в тетраде словами.
Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Жетісу Ала-тауы, Тянь-
Шань таулары бар. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орна-ласқан. Сарыарқада ұсақ
шоқылы аласа таулар бар. Орташа биік-тігі — 500-600 м. Сарыарқаның ең биік
нүктесі — Ақсораң. Ақсоранның биіктігі — 1565 м.
Мұғалжар аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүк-тесі — Боқтыбай тауы.
Биіктігі — 657 м.
Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс, шығыс жоталары, Ақтау-дың оңтүстік,
солтүстік жоталары кіреді. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі — Қаратау-
Бесшоқы. Оның биіктігі — 556 м.
Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді. Алтай таулары Зайсан көлі
мен Байкал көлінің аралығында жатыр. Алтайдың ең биік шыңы — Мұзтау. Оның
биіктігі — 4506 м.
Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан. Орталық, Батыс, Солтүстік
Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай,
Қазақстан, Қырғызстан шегараларында орналас қан. Қазақстандағы ең биік нүктесі
— Хантəңірі. Оның биіктігі — 6995 мЖетісу Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның
шегарасында орналасқан. Жетісу Алатауы Тянь-Шань тауларына жата-ды. Ол
Алакөл мен Іле өзенінің аралығында. Орташа биіктігі — 3580 м.
.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.