4-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді анықтандар. Не туралы айтылған?
Ертедегі түркілер VI ғасырда өзіндік жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге алып келді. Көне түркі жазуымен жазылған ескерткіштің бірі - Күлтегін жазба ескерткіші. Ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр, ені - 1,4 метр, қалындығы - 0,41 метр. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреті мен қаған бейнеленген. Ескі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғалымы В. Томсен Орхон жазуын оқудың кілтін тапты. Ол жазудың көне түркі тілінде жазылғандығын жариялады. Ғалымның алдымен оқыған сөздері Күлтегін жазба ескерткіші Тәңірі» және «түрік» сөздері болды. Кейін, академик В. Радлов мәтінді аударды. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалып жазылған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері жайлы қаһармандық дастан екені белгілі болды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.