4-тапсырма. Оқылым мәтінінен синоним, антоним, омоним
сөздерді тауып жаз.
Мәтін:
Алтай ботаника бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі, еншілес мемл. кәсіпорын. Биол. зерттеулер орт-на қарайды. 1935 ж. Шығыс Қазақстан обл-ның Лениногор (қазіргі Риддер) қ-нда құрылған. Аумағы 176 га, теңіз деңгейінен 760 – 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. А. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 4000-дай түрінің 200-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішінде ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлдердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. А. б. б. осы уақыт ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. Сондай-ақ А. б. б. табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді
Answers & Comments
Ответ:
Синоним:
Облыс- аудан, қала;
сирек - ара-тұра, көп кездеспейтін
астам - артық, көп
үлкен - ірі, дәу
Антоним:
үлкен - кішкентай,
қара - ақ
жылы - салқын, суық
сирек - жиі
қала - ауыл
ішінде - сыртында
Омоним:
ішінде, түбірі іш
1) адамның қарны, іші түйіліп ауырды
2) бірзаттың іші, мысалы үйдің іші жап-жарық, ғимараттың ішінде болдық
бағы, түбірі бақ
1) адамның бағы, яғни адамның жолы болып, жетістікке жетуі, мысалы, бағы жаныпты деп айтады
2) жеміс-жидекті қолдан өсіретін орын, мысалы алма бағына бардым.
түрі, түбірі түр
1) адамның түрі, бет-әлпеті
2) түру, мысалы жеңіңді түр,
Объяснение: