Сұлтанмахмұт Торайғыров аз ғана ғұмырында қазақ халқының рухани байлығы үшін жырын жазған, терін төккен адам болды. Өлеңдерінде қазақ халқының ақсап тұрған тұсын, кемшілігін айтып, шешімін іздеуге ашық болды. Мысалы, "Шығамын тірі болсам адам болып" өлеңінен автордың шынымен халық адамы екенін көрдім. Надандықты қараңғылық деп білген ақын сауаттылық арқылы ғана жақсы адам болып, ізгі қоғам құруға болады дейді. Ақын өз шешіміне сенімді, қайсар, батыл қадам жасаған.
«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде қоғамды күн бүгінге дейін жайлаған надандық, ақылсыздық туралы мәселе көтерілген. Надан, жаман болып жер басып жүргенше, о дүниелік болған артық дейді. Яғни білім алмаған, сауатын ашпаған адамның өмірі мәнсіз өтеді деп санайды. Адам деген атқа лайық болу үшін білуден, үйренуден жалықпау керек деп біледі. Бұл өлеңі арқылы надандықпен күреске үндейді.
Answers & Comments
Verified answer
Сұлтанмахмұт және қазақ халқы