4-тапсырма. Суреттердің, тірек сөздердің көмегімен «Астана- елімнің мақтанышы» деген тақырыпта мәтін құрап жазыңыз (50-60 сөз) Тірек сөздер: астана, мәдени орындары, басты символы, Ғимараттар, Есілдің жағалауы, Хан Шатыр, «Маңгілік ел» қақпасы
Қазіргі күні Есіл өзенінің жағалауында тұрғызылған Астана өзінің жастығына қарамастан өзіннің көптеген мәдени орындарымен келген туристерді құрылыстың кең құлаш жаюымен және қуатты қарқынымен өзіне тартады. Астананың басты символы-«Бәйтерек» монументі.Бәйтерек-Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Есіл өзенінің жағалауы - елордалық жұрттың ең сүйікті демалыс орны десек артық айтпаймыз. Есілдің ерке толқындарына сүйсініп, қаланың мың құбыла жарқыраған көріністеріне тамсанып, музыкалық аспаптарын серік еткен қала дарындарының әсем әуен, сазды әндерімен құлақ құрышын қандырып, суретшілердің көркем туындыларын тамашалап, керемет серуен құратындарыңыз айдан анық. Ал Хан Шатыр - әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен ерекшеленеді.Қалай ойлайсыңдар, сонда "Мәңгілік ел» қақпасы деген не? Әрине, бұл да Астанада орналасқан өте әдемі сәулеттік құрылыс. "Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады. Астана-жас қала болғанымен, елімнің мақтанышы.
Answers & Comments
Ответ: