4-тапсырма. Жазылым [10]
Есімдіктердің 7 мағыналық түрін қолдана отырып, Ұлы Отан соғысы туралы досыңызға хат жазыңыз (30-50 сөз).
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Answers & Comments
Ответ:
Ұлы Отан соғысы. Қазақ жауынгерлері.
1941 – 1945 жылдары орын алған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыс болып тарихқа енді. Биыл бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына жетпіс алты жыл болды. Дегенмен, бұл соғыстың ешқашан ұмытылмайтыны анық. Себебі жеңіс оңай келген жоқ.
Қазақ халқы өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық деп айтсам, қателеспеспін деп ойлаймын. Небір қиын – қыстау жаугерлік заманында елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымыз, батырларымыз аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Сол ретте мен өзім аса құрметтейтін «Шығыстың қос шынары» атанып кеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жайлы ой қозғағым келеді. Ол сұрапыл соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмасы анық. Қаншама жастың өмірін қыршыннан жалмаған бұл соғыс ешкімді де бейжай қалдырмады. Бұл соғыста батыр әпкелеріміз Әлия мен Мәншүк те ерлермен қатар ерлік көрсетіп, Отанын қасық қандары қалғанша қорғауға тырысты.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Мәншүк Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Біз қазір "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі - қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы. Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз!
Объяснение: