Менің ең сүйікті мезгілім – жаз. Бұл уақытты барлық балалар жақсы көреді әрі асыға күтеді. Мектептегі сабақтар мен емтихандарды аяқтап, үш ай бойына демалысқа кетеміз.
Жаздың алғашқы күні балаларды қорғау күні. Бұл күні балаларға арналған концерттер мен мерекелік бағдарламалар көп болады. Жаз барлық жеміс-жидектер мен көкөністердің пісетін уақыты. Айнала ерекше құлпырып, жер беті жасыл кілемге оралған. Санқилы гүлдер әсемдене жайқалып, гүлдерді айнала әдемі көбелектер арлы-берлі ойнақтап, ұшып жүреді. Балалар көбелекті қуалап, ойын қуып жаздың әр сәтін көңілді өтікезеді. Жаңбыр кейде ғана жаумаса, көбіне шыжынаған ыстық болады. Жаздың жайма шуақ күндері адам жанына ерекше әсер етеді.Жанын жадыратып, қуаныш сезімі бойын билейді. Бұл уақытта күн ұзарып, түн қысқарады. Күнұзағына біздер көше бойында футбол, волейбол ойнап кешке дейін жүре береміз. Күннің ыстығынан қорғану үшін көлеңкелер мен өзендерді паналаймыз. Ыстық күнде өзендерде кешке дейін шомылып, күнге күйіп жүреміз. Барша пісіп жатқан табиғи өнімдері жеп бойымызға витаминдерді қабылдап қыста ауырмаудың амалын жасаймыз. Жаз барлық мезгіл ішіндегі ең кереметі әрі көңілдісі. Сол себептіде бәріміз жазды жақсы көреміз.
Answers & Comments
Verified answer