Білім алуы
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
• Мәтінді оқып шығып, қoтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасынызды,
жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
• Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды дегi
санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді
қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз,
[10]
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі
өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық
қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына
қарай бір клеткалы организмдер және ҝоп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді.
Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырау-
құлақтардан кейін пайда болган. Палеонтологиялық зерттеулерге қараганда олардың
жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның
эволюциялық дамуына сәйкес калыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның
өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының
арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық
жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың өнімділігін
арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы
мен оның салалары зерттейді.
http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/424-zhanuarlar-lem.html сайтынан​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.