Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады.
Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан; көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты өткір континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер ( жалпы санының 23,9 %) құрайды, оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
ХІХ ғасырдың басында Ресей үкіметі өзінің оңтүстік Сібір аумағын кеңейтіп, шекарадағы әскери қорғаныс шебін күшейтті. 1720 жылдың 12 тамызы күні Ресей армиясының әскери отряды Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жеріне келіп тоқтап, қамал құрлысын бастады. Бұл күн Өскемен қаласының негізі қаланған күн болып саналады.
І Петр дәуірінде тұрғызылған бұл қаланың өз заманына сәйкес келбеті және қала құрлысын дамыту жоспары болды.
1845 жылы бұрынғы бекіністің, яғни қала құрлысын одан әрі дамытудың негізгі жобасы бекітілді. Бұл жоба бойынша қала аумағының құрлысы солтүстік бағытта дамыды. Қала негізін шіркеулер мен дүкендер, көпшілік орындар қалады. Сауда алаңдары бұрынғы бейіттердің орнына орналасып жатты. Шөп, ағаш сататын алаңдар бұрынғы бейіттің орны (Орджоникидзе мен Ушанов көшелерінің қиылысқан жері) қазір қаланың негізгі алаңдарының біріне айналған. Бұрынғы мұсылмандар зиратының орнына бүгінгі күні Орталық базар орналасқан.
90 – жылдардағы экономикалық қыспақ кезеңінде батыс-шығыс өндірістік тармағы және сол жағалауды игеру қатты қолға алынды. Бүгінгі күні қала орталығында күрделі жөндеу жүргізу тоқтатылған. Оның себебі қала ішіндегі құрлыс салуға жоспарланған аумақтардан маңыздылығы екінші қатардағы құрлыс обьектілері орын алған, сол сияқты, қала халқының санының азаюына байланысты (соңғы 10 жыл ішінде 3,2 % ке азайған,) тұрғын үйлер салу нарығына сұраныс төмендеген. Осыған байланысты тұрғын үй құрлысы да баяу дамуда.
1997 жылы қаланың билік үкіметі «Болашақта Өскемен қаласын дамыту концепциялары» жөнінде Өскемен, Петербург, Алматы, Новосибир қалаларының ірі жобалау ұйымдары арасында байқау жариялады. Негізгі қала құрлысын сол жағалауда, Ертіс өзенінің жағалауында дамыту ұсынылды. Әкімшілік, іскерлік және мәдени орталықтар қаланың тарихи бөлігіне орналасады. Транспорт схемасынан жаңа көпірлер мен магистралдар орын алатын болады. Қала аумағында су және теміржол транспортын пайдалану көзделініп отыр.
2005 жылғы сәуірдегі айындағы мәліметтерге сәйкес Өскемен қаласында халқының саны жедел деректер бойынша 301,4 мың адамды құрады. 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 98,9%-ды құрап 3,2 мың адамға азайды. Соның ішінде қала халқы – 290,7 мың адамды (98,8%), ауыл халқы – 10,7 мың адамды (101,9%) құрады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: