Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Егер ғарыш кемелерінің жарықтың жылдамдығымен ұшатындай мүмкіндіктері болса, Сириусқа ұшып барып кері қайтуға сіз небәрі 2,5 жыл уақыт жұмсар едіңіз, бірақ Жерге оралғанда туыстарыңыздың бірден 17 жасқа қартайғанын көріп таңданар едіңіз. Себебі, адамның ғұмыры небәрі 0,16 ғарыштық секундтарға созылады, яғни біздің 70-80 жыл ғұмырымыз ғарыш өлшемі бойынша тіпті бір секундқа да жетпейді, ол ғарыштық секундтың жүздеген бөлшектерінің бірін ғана құрайды. Ал адамзаттың бар тарихын осы өлшемге салар болсақ, ол небәрі 1,5 сағатқа созылады екен.
Біз осы уақытты, оның қадірін қалай түсінеміз? Оны бағалай білеміз бе? Уақыт өткен сайын күндер ұзарғанымен, жылдар қысқарып жатқанын ескерсек, оны тиімді әрі өз игілігімізге пайдалана алып жүрміз бе?
Адамның өмірі оның жүзеге асырған іс-әрекеттерінің нәтижелерінің көрінісі болып табылады. Нақ осы уақыт бізге өз өмірімізді қандай да бір тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Адамның өз уақытына деген қарым-қатынасы арқылы оның өз өміріне, өзіне деген көзқарасын түсінуге болады.
Сонымен, уақыт сарапшыларының пікіріне құлақ түрсек, өз уақытымызды бағалай білу үшін ең алдымен "біздің уақытымыз - біздің өміріміз" деген қарапайым нәрсені ұғынуға тиіспіз. Өз өміріңізді жақсартатын, сізді тұлға ретінде дамытатын, оң нәтижелер әкелетін істермен айналысыңыз, дейді олар. Уақытының баға жетпес байлық екенін түсінген жан Жер бетінде өткізген әр сәтіне зер салып отыруды үйренсе, өмірін түбегейлі өзгертуге қол жеткізері хақ.
Тағы бір ұсыныс - бір уақытта тек бір нәрсені жүзеге асыруға тырысыңыз, себебі адамның сана-сезімі бір нәрсеге ғана шоғырландырылған жағдайда оның миы өнімдірек жұмыс жасайды. Ірі істерді ұсақ істерге бөліп орындаңыз әрі оларды кейінге қалдыру әдетінен арылыңыз.
Абраам Линкольн бала кезінде бір шаруаның көмекшісі болып жұмыс істейді. Жайып жүрген малдарын тынықтыратын уақытты ұтымды пайдаланып, кітап оқып жүріп, біраз оқу орындарын сырттай бітірген, сөйтіп жүріп лицейді, содан кейін құқықтану факультетін тәмамдап, сынақтан өтіп, адвокаттық қызметке кірді. Міне, осындай уақыт үнемшілдігінің арқасында ол АҚШ-тың 16-шы президенті болып сайланды.
Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында уақытты тиімді пайдаланудың бір тәсілі ретінде компьютерге немесе ұялы телефонға күндер есебі виджетін орнату ұсынылып жүр. Бұл бағдарламада уақытты есептеудің үш мерзімін белгілеу қажет: адам өзінің туған күнінен бастап қазіргі күніне дейін және өзі қандай да бір мақсатына қол жеткізуді межелеген датаны. Сонда уақытының әр секунды сәт сайын көз алдында зырлап өтіп жатқанын көрген соң адам ойға алған істерін кейінге шегеру әдетінен арылып, оны бірден қолға алып, мақсатына жетуге тырысады екен.
Ал енді біреулер 1,5 жыл бойы ерінбей жалықпай күнделікті уақытының есебін қойын кітапшасына жазумен жүргізіп отырған соң біртіндеп оны тиімді пайдалану әдеті өз-өзінен қалыптасып кеткенін айтады. Әрі, олардың уақытты дұрыс сезіну сезімі де қалыптасқан. Сондықтан бір күнге, аптаға, айға жоспарларын нақты біледі, бәріне үлгереді.
"Менің сол уақытымның өтіп жатқаны туралы ойлануыма да уақыт жоқ. Қалай өтіп жатқанын білмеймін. Тек жұмыстан қол тимейді", - дейді телеарнада еңбек етіп жүрген Айдын. Ал жоғары оқу орнының ұстазы Тоты: "Алдымен ең маңызды, тығыз, уақытымды аз алатын жұмыстарды орындап, кейін қалғанына - күрделісіне, уақыт алатындарына уақыт бөлемін" десе, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері
Answers & Comments
Ответ: