Bommi1
Айбектің сүйікті мысығы бар. Ол Айбекті қатты жақсы көреді. Олар қолдары босаса болды бірге ойнайды. Айбек мектепке кеткенде мысығының қатты іші пысады. Бір күні мысығы Айбек мектепке кетер алдында оған білдірмей Айбектің сөмкесіне кіріп тығылып қалады. Айбек оны сезбей мектепке барып, сөмкесін ашса, ішінен атып мысығы шығады. Айбек шошып кетеді. Бірақ ол өз мысығын қатты жақсы көргендіктен оған ренжімей ұзақ қоңырауда мысығын үйге апарады.
Answers & Comments