Елімізде ғылымның беделі төмен екенін, ғылыммен шұғылдануға қызығушылық азайып бара жатқанын басқа емес, ғалымдардың өзі айтып, дабыл қаққанына талай жылдың жүзі болды. Әсіресе, соңғы бірнеше жылдың бедерінде ғылымға бет бұрған жастардың қатары қатты кемігені осы проблеманы айғақтай түседі. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылғы дерегіне жүгінсек, бүгінгі таңда елімізде 22 081 адам ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде жасы 25-ке жетпегендері – 1909, 45-ке толмағандарының саны 16 мыңға жуықтайды.
2014 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда ғылымнан нан іздеген жандардың саны 25 мың 793 адам болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 24 мың 735-ке азайған. 2016 жылы күрт төмендеп, 22 985 ғалым қалған. 2017 жылғы деректі жоғарыда келтірдік. Егер кейбір деректер бойынша тоқсаныншы жылдары азаттықтың алтынкүрек желі енді есе бастаған тұста ғылыми-зерттеулермен шұғылданатындардың саны 42 мың адамнан асып түскенін ескерсек, қазіргі көрсеткіш екі есеге дейін құлдырағанын аңғарамыз.
Бір айта кетерлігі, жалпы ғалымдардың ғана емес, ғалым болсам деген жастар қатарының кему үрдісі күшейіп бара жатқандай. Ал жастары ғылымға қызықпайтын, ғылым культі жоқ елде «қазақстандық кремний алқабын құру» сияқты идеялардың құрғақ қиял күйінде қалатыны анық.
Бұрынғы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жасалған «Қазақстан жастары-2018» Ұлттық баяндамасын шолып, саладағы ахуалды бажайлауға тырысқан едік. Осы еңбекте көрсетілгендей, 2017 жылы елімізде ғылыми-зерттеулермен және әзірлемелер жасаумен 386 мекеме айналысқан екен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда, мекемелер саны 3-ке көбейгенін көрсетеді.
Есесіне 2014 жылғы көрсеткіштен (392 мекеме) төмен. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізетін орталықтар негізінен Алматы (131 мекеме) мен Астанада (62 мекеме) шоғырланған. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары бұл көрсеткіш бойынша ең төменгі сатыларда.
Жарайды, ғалым көп елде де ғылым шарықтап дамып кетеді деуге бола қоймас. Мәселе ғылымның әкелетін пайдасында, өнеркәсіпке, экономиканың түрлі салаларына, тұрмысқа енгізетін озық жаңалығында екені түсінікті. Бұл орайда да айдарымыздан жел есіп тұр деп айта алмас едік. Физика-математика ғылымдарының докторы, Техникалық физика және экология мәселелері жөніндегі ҒЗИ директоры Темірғали Көкетайдың айтуынша, Қазақстан әр салаға енгізген ғылыми жаңалықтар көрсеткіші бойынша дүние жүзіндегі алғашқы алпыс елдің санатында жоқ. Отандық кәсіпорындардың да инновациялық белсенділігі дамыған елдерді айтпағанда Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина сынды елдерден төмен.
– Ғылымнан жаңа әрі жақсы нәтиже алу үшін зерттеушілер көп болу керек. Сонда бәсекелестік артып, саннан сапа туады. «Көп ақша беремін, 2-3 жылда жаңалық аш» деп кесіп айтуға тағы болмайды. Қаражаты аз, қатары кем ғалымдардың беретін өнімі де төмен болады. Ондай жолмен ғылымды дамыту мүмкін емес, керісінше құрдымға жіберіп алуымыз мүмкін,– дейді Т.Көкетай.
Answers & Comments
Ответ:
жастарға ғылымды бағуға еріншектік кедергі жасайды
Verified answer
Елімізде ғылымның беделі төмен екенін, ғылыммен шұғылдануға қызығушылық азайып бара жатқанын басқа емес, ғалымдардың өзі айтып, дабыл қаққанына талай жылдың жүзі болды. Әсіресе, соңғы бірнеше жылдың бедерінде ғылымға бет бұрған жастардың қатары қатты кемігені осы проблеманы айғақтай түседі. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылғы дерегіне жүгінсек, бүгінгі таңда елімізде 22 081 адам ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде жасы 25-ке жетпегендері – 1909, 45-ке толмағандарының саны 16 мыңға жуықтайды.2014 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда ғылымнан нан іздеген жандардың саны 25 мың 793 адам болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 24 мың 735-ке азайған. 2016 жылы күрт төмендеп, 22 985 ғалым қалған. 2017 жылғы деректі жоғарыда келтірдік. Егер кейбір деректер бойынша тоқсаныншы жылдары азаттықтың алтынкүрек желі енді есе бастаған тұста ғылыми-зерттеулермен шұғылданатындардың саны 42 мың адамнан асып түскенін ескерсек, қазіргі көрсеткіш екі есеге дейін құлдырағанын аңғарамыз.