монолог на тему «кем ты хочешь стать» на казахском
Answers & Comments
ratbaevaa
Мен енді балалар дәрігері болуды армандаймын. Бұл мамандықты таңдау себебім: мен денсаулығыма байланысты дәрігерге көп қараламын. Әр кез балалар дәрігерлерінің маған мейірімділікпен қарап, жылы сөйлегендері менің ауырғанымды ұмыттырады. Олардың күлімсірей қарағандары да өз мамандықтарына үйлеседі. Мен дүниеде аналардан кейінгі мейірімді жандар - балалар дәрігерлері деп білемін. Және де қазіргі таңда дәрігерлік мамандық ең қиын болғанымен, ең жақсы мамандықтың бірі. Сондықтан да мен балалар дәрігері болуды біраздан бері армандап жүрмін. Денсаулығы төмендеген балаларды емдеп жазсам, олардың өмірге деген құлшынысын арттырсам менен бақытты адам болмас деп ойлаймын.
Answers & Comments