Абай қазақ тілінің төл сөздері мен тұрақты тіркестерін еркін және өнімді пайдаланумен қатар лексикалық қорды көптеген жаңа сөздермен және фразеологизмдермен толықтырды. Бұған ақынның шығармашылық қорларының кең тақырыптығы, проза жанрына, оның ішінде публицистика мен ғылыми жанрларға баруы, орыс әдебиетінен аударма жасауы және поэтика қажетін өтейтін тың элементтерді іздеу әрекеттері себеп болды.
Абай тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік немесе лексикалық және стильдік жаңа сөздер деп айырып қарастыру қажет. Абай - өз заманын жан-жағынан алып сөз еткен қаламгер. Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі қазақ қоғамының рухани және заттық дүниесіне енген жаңалықтарды, соған орай лексикалық қазынасына енген жаңа сөздерді өз тұсындағы тіл тәжірибесінен алып қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа қорды өзі жасап қосты. Әсіресе Абай қаламынан туған жаңа сөздердің дені болып келетін дерексіз ұғым атаулары - оның теология, философия, этика, мораль тақырыптарын сөз етуінің жемісі. «Қара сөздер» деп аталатын прозалық туындысында қоғам өмірі, қоғамның заң-законы, адамның мінез-құлқы сияқты тақырыптарды сөз ету үстінде бұрынғы кейбір атауларды жаңаша ұсынуға, жоқтарын жасауға, барларының мағынасын айқындап бір ұғымда тұрақтандыруға мәжбүр болды.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
дұрыс