Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыс білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Осыған орай оқу процесі оқушылардың мақсатты-бағдарлы іс-әрекетпен шұғылдануымен қатар танымдық іс-әрекетін қалыптастырады. Осы іс-әрекет нәтижесінде оқушыда пәнаралық іскерлігі қалыптасады. Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді. Пәнаралық байланыс оқушылардың танымдық іс-әрекетімен қатар, басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабілеттерін де дамытады. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке пәндерден алған білімі күрделеніп жинақталып, бір пән аясымен шектелмей, өзге пәндермен сабақтаса байланысады.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі. Осыған орай кәсіби қазақ тілін оқытуда оқу материалдарын мамандыққа байланысты арнайы пәндермен байланыстыра оқыту өте тиімді. Пәнаралық байланысты сабақтың кез келген этапында қолдануға болады. Сабақ жоспарын құруда оқытушы пәнаралық байланысты нақты көрсете білуі керек. Сонымен қатар оқушыға қызықты деген сұрақтарды таңдай білуі де шарт. Пәнаралық байланыс барысында шығармашылық тапсырмаларды, прблемалық сұрақтарды іріктеп ұсыну, оқушылардың логикалық ойлауын, кез келген жерде алдына қойған мақсатқа жету үшін керекті жолды таңдауға, сөйле дағдыларының дамуына өз ықпалын тигізеді. Шебер оқытушы пәндердің арасындағы байланысты үндестікті оңай қолдана алады.
Answers & Comments
Ответ: