Көмектесіңдерші 5 жұлдыз қоямын.
1.Негізгі ұғымдарга аныктама берiндер: органикалык жане бейор ганикалық заттар. Олардың бiр-бiрiнен кандай айырмашылығы бар?
2.Неге суды тiршiлiк көзі дейді? Дәлелдендер және мысал келтiрiндер.
3.. Органикалык заттар химиясын оқып-үйрену табиғат туралы бi-
лiмiндi кеңейтеді дегенді қалай түсіндірер едің? Өз ойынды сыныптастарынмен бөліс. Жауаптарынды бағаландар.
Answers & Comments
1) Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді.
Органикалық зат — міндетті құрамбөлігі көміртегі болып табылатын күрделі заттар. Органикалық заттарға нәруыздар, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдары жатады. Бұл қосылыстардың құрамында көміртекпен қатар сутек, азот, оттек, сондай-ақ күкірт және фосфор болады. Нәруыздар қозғалуға мүмкіндік береді, оттек тасымалдайды және жасушадағы мыңдаған химиялық реакцияларды тездетеді. Нуклеин қышқылдары жеке тірі ағза туралы бүкіл тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және ұрпаққа береді. Майлар энергияны қорға жинап, бізді суықтан қорғайды (термооқшаулау), ал көмірсулар энергия алу үшін және жасушаның құрылыс материалы ретінде қажет.
2)Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс.
Сейсенбі күнгі бүкіләлемдік су күнінде міне осы аса маңызды мәселе жөнінде үлкен де, келелі сөз, пікір, ұсыныстар айтылды. Сусыз тіршілік өмір жоқ. Адамның десаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты.
3)Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Диметилсульфат
Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді.