1991 жылдың 16 желтоқсанында Еуразия құрлығының жүрек тұсында жаңа мемлекет дүниеге келді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданғаны туралы ақпарат санаулы сағаттар ішінде әлемді шарлап кетті. Ғаламдық ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышынан сәлем жолданып, жаңа ашылған жәшігімізге мыңдаған құттықтаулар келіп түсті. Осылайша алмағайып замандарда азаттық үшін жан алысып, жан беріскен бабалар арманы ақиқатқа айналды. Тарих қойнауына көз жүгіртсек халқымыз азаттық жолында, 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шығыпты. Бостандыққа жол бастап, сол жолда қаза болған есіл ерлер халық жадында сірә мәңгі жатталмақ. Ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде ардақталмақ.
Answers & Comments