Аса көрнекті қаламгер, Қырғызстанның Халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас Талас өңіріндегі Шекер аулында дүниеге келді.«Адамзаттың Айтматовы» атанған даңқты жазушының өмірі мен шығармашылғында Қазақстанның, қазақ халқының, оның ішінде белгілі әдебиет пен өнер, ғылым қайраткерлерінің орны ерекше. Біз төменде осыған байланысты он деректі ұсынып отырмыз:Бұл турасындағы мәліметті жазушы Әлібек Асқаровтың «Алатаудың арғы жағы, бергі жағы» атты мақаласынан («Егемен Қазақстан», 11 қараша, 2017ж.) табамыз. Мақаладан үзінді келтірелік: «Бүгінгі әдеби сынның марғасқаларының бірі Құлбек Ергөбек айтқан мына бір естелікті естігенде біз де қайран қалғанбыз...
Атақты әдебиеттанушы ғалым, Құлбек Ергөбектің рухани әкесі Бейсембай Кенжебаев пен Шыңғыстың әкесі Төреқұл Мәскеуде И.В.Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетінде бірге оқыпты. Олар айнымас достар болыпты. Достықтары соншалық, университетті бітірерде: «Үйленіп, перзент көрерміз. Сонда бірімізден ұл, бірімізден қыз болып жатса, атастырайық, екеуміз бел құда болайық. Егер екеумізден де ұл болса, Шыңғыс қағанның атын берейік, ал егер екеумізден де қыз болса, Шолпан деп атайық», - деп қол алысып, төс түйістіріп серттесіпті. Кейін, отызыншы жылдардың ортасында екі дос Мәскеудегі тағы бір жиында кездесіп қалады ғой...
Answers & Comments