5. Екі тапсырманын бiрiн орындаңдар. 1. Олимпиадалар өткен елдер мен қалалар туралы деректер жи- нап, олимпиада картасын жасандар. 2. Қысқы және жазғы олимпиадалар туралы салыстырмалы эссе жазыңдар.
2.Олимпиадалар-спорттық-танымдық жарыстар. Елімізде және көптеген қалалаларда олимпиадалар өтеді.
Олимпиадалар қыстық жаздық боп бөлінеді. Мәселен қыста шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау жарыстары болса. Жазда велосипед жарысы, ұзындыққа секіру және т. б.
Олимпиадалар арқылы талай спортшылар жеңіске жетті. Олимпиадалар-елдер достығының кепілі.
Объяснение:
Қысқаша жаздым. Тағы өзіңіз қоссаңыз болады
5 votes Thanks 8
jansayakarjau22
айып етпеңіз, олимпиада туралы емес, қыстық олимпиада мен жаздық олимпиаданы салыстырып жазыңдар деген тапсырма болдығой.
Заманауи Олимпиада ойындарының тарихында тек 128 спортшы ғана жазғы және қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан екен. Салыстырмалы түрде айтсақ, соңғы рет былтыр Токиода өткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарында әлемнің 205 елінен барған 12 мыңға жуық спортшы бақ сынаған. Ал, заманауи жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының тарихы басталатын 1894 жылдан бері төрт жылдықтың басты додасына 200 мыңға жуық спортшы қатысқанын ескерсек, жоғарыдағы 128 спортшының «теңізге тамған тамшыдай» аздық етері анық. Сол аздардың ішінде бес спортшы ғана жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін сол үздік бестікке тоқталады.
Жазғы және қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар туралы әңгіме болғанда алдымен америкалық спортшы Эдди Иганның есімі аталады. Неге десеңіз, ол – жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында әр түрлі спорт түрінен чемпион атанған тұңғыш спортшы.
Эдди Иган (1897-1967) – Денвер қаласының тумасы. Кедей отбасынан шықса да, білімге құштарлығының арқасында бастапқыда Гарвард, кейін Оксфорд университеттерінде жоғары білім алған. Мамандығы – заңгер.
1920 жылы VІІ жазғы Олимпиада ойындарын Антверпен қаласы қабылдады. Бельгия жерінде 79,4 келіге дейінгі салмақта бокстан сынға түскен Эдди Иган ақтық бәсекеде норвегиялық Сверре Серсдалды жеңіп, Олимп шыңын бағындырды. Дегенмен, америкалық боксшы Антверпендегі жетістігін Парижде қайталай алмады. 1924 жылы француздар өткізген VІІI жазғы Олимпиада ойындарында Эдди Иган өзінің алғашқы бәсекесінде британдық боксшы Артур Клифтонға есе жіберді.
Араға 8 жыл салып Эдди Иган Олимпиадаға қайта оралды. Лейк-Плэсидте (АҚШ) 1932 жылы өткен ІІI қысқа Олимпиада ойындарында Эдди Иган бобслейсші ретінде қатысып, тартысты бәсекеде америкалық төрттік топ жарды. Осылайша, 34 жасында Эдди Иган екінші рет Олимп шыңына шықты.
Бір айта кетерлігі, бұған дейін Эдди Иган бобслеймен мүлдем айналыспаған. Қысқы Олимпиаданың басталуына үш апта қалғанда АҚШ Олимпиада комитетінде қызмет атқаратын байырғы досы Джей О’Брайен қоңырау шалып, бобслей командасына төртінші бобслейшінің табылмай жатқанын айтып, команда сапына шақырған. Содан досының өтінішін жерге тастамаған Эдди Иганның жұлдызы жанып, оның есімі спорт тарихына жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында әр түрлі спорт түрінен чемпион атанған тұңғыш спортшы ретінде алтын әріптермен жазылып қалды.
Үлкен спортпен қоштасқаннан кейін екі дүркін Олимпиада чемпионы мамандығы бойынша заңгер болып жұмыс істеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, полковник атанды. 1967 жылы 70 жасында өмірден өтті.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: