5. Мәтін мазмұнымен танысып, «Ә.Қастеев Қазақстан бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылыс» тақырыбында аргумента- тивті эссе жазыңдар.





Әбілхан Қастеев еңбек жолын Түрксіб теміржол құры- лысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студиясында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды. Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мын- нан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайы- нан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болып- ты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары кейіпкер болмысын ашуға деген талпыны- сымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан тірші- лік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Туған жердің әсем таби- ғатын, адам қолымен жасалған өзгерістерді зор шабытпен бедерлеген полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылды- ғымен ерекшеленеді. Әбілхан Қастеев туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Суретшінің жүз жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.