5. Мәтінді оқы. Қазақ халқының табиғатына ерекшеліктерді тауып, диаграммаға жаз.


Қазақтар әуелден әдебиет пен өнерді әспеттеп, спортты сүйді, марқасқа мінезімен ешкімге де тәуелді болмай, емін-еркін өмір сүрді. Шынында да, даналығы мен балалығы, көсемдігі мен шешендігі, кісілігі мен кішілігі бойында жарыса өрілі үретін, оған қоса бір басында бүкіл адамзатқа тән барша осалдығы мен мықтылығы, өрі мен еңісі жетіп жатқан біздер қандаймыз?
Қазақ жаны, мінезі, рухы... Періштедей пәктігі, таң шығындай тазалығы, мөлдір махаббаты мен мейлінше мәрттігі, қайсар жаужүрек қаһармандығы мен қайырымдылығы, инабаты мен имандылығын барынша тану үшін, ең алдымен, халық жанының нұрлы қайнарына қайырылып, ғажап ерлік жырларын зердеге тоқып алуға ғанибет. Замана қаншама түлкібұлаңға салып, құбылып өзгергенімен, халқымыздың отаншылдық, азаматтық сезімі артып, рухы құдіреттеніп, асқақтай түсіпті. Таза болмысын, ғазиз дінін сақтап алды.
Біз қазір де, үш мыңыншы жылдардың табалдырығында тұрып, болашақ босағасынан сығалап, не бір нәубет, зұлмат пен зұлымдықтан бас сауғалап, бүкіл жер шарына тарыдай түсіп, абыр-сабыр, мәре-сәре болып, жағамыз жайлау болып жатамыз. Бәлкім, осындай ұрымтал тұста өзімізге-өзіміз сындарлы тұрғыдан қарап, ісіне көзден өткізгеніміз абзал шығар. Әрқайсысымыздың қай шалғайда жүрсекте егемен ел, мәртебелі мемлекет болып, тәуелсіздік туын биік көтеріп, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, оның өркениетіне барынша үлес қосуымыз керек.
ПОМОГИТЕ ПЛИИИЗ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.