Саусағын безеу–сені адамсынбаған, менсінбеген тәкәппарлық таныту деген сөз. Адамшылыққа жатпайтын әдеттің бірі–осы саусақ безеу болып саналады. Иығын көтеру –енді қолынан келетіні жоқ жанның соңғы әрекеті, «аржағын енді өздерің біліңдер» деген екі ұшты әрі сұраулы пішін. Қабақ түю – біреуді ұнатпаудың, бір істі жаратпаудың немесе көңіл- күйі болмай ренжіп отырған жанның кейіпі. Мұндай адамдарға «қабағың түюлі ғой» немесе «қабағың түсіп кетіпті ғой» дейді. Желке қасу –қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті танытады. Ерін шығару – мазақ ету, келемеждеу деген сөз. Бұл әдетте көбінесе әйелдер, балалар қолданады. Біреулер өзіне жараспайтын іс істесе, қылық көрсетсе, оны көрген адамдар ернін шығарып күлген. Бұл әдет басқаларды да ерсі іс- әрекеттен сақтандырады.
Answers & Comments
Verified answer