5-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. . Судың сырын білеміз бе? Су – тіршілік көзі. Адамның шөлін қан- дыратын, түрлі тұрмыстық қажеттілікті өтейтін судың басқа да бірнеше қасиеті бар. Біраз уақыт бұрын Ресейде «Судың ғажайып құпиясы» деген деректі фильм түсірілді. Фильм судың ақпаратты сақтау қасиетін зерттеу және оның нәтижелері туралы бо- латын. Былайша айтқанда, су магнитафон лентасы секілді «естіген», «көрген» ақпаратын жазып отырады. Судың бұл қасиетін жапон ғалымы Эмото Масару да дәлел- деген. Оның жасаған тәжірибесі мынадай: Эмото Масару үш ыдысқа бірдей су құйып, түбіне бірдей күріш салады. Сосын үш ыдысқа бір ай бойы үш түрлі сөз айтады. Біріне – «рақмет», екіншісіне «мен сені жек көремін» дейді, ал үшіншісіне мүлдем көңіл бөлмейді. Бір ай өткен соң, әлгі ыдыстардан мы- надай өзгерістерді байқаған: «рақмет» деген ыдыстың күріші көктеп, өскін шыға бастаған. «Мен сені жек көремін» деген ыдыстың күріші көгере бастаса, мүлдем көңіл бөлмей, қараусыз қалдырған ыдыстың күріші қарайып, шіруге айналған. Ал суы саси бастаған. Бұл тәжірибеден байқайтынымыз: ыдыс бір, су бір, күріш бір, тек оларға айтылған сөз әртүрлі. Демек, сөздің суға қандай да бір өсері болады деген ой туады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2004 жылғы мәлімет бойынша әлемдегі ең таза су ретінде зәмзәм суын көрсетеді. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде бұл су құрамында микроор- ганизмдер мен бактериялар кездеспейтін жер бетінде бірден-бір таза су болып шыққан. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы- құрамында кальций мен магний тұзы мөлшерінің көптігі
мазмұны бойынша 4 сөйлем жазу
Answers & Comments
Ответ:суды неге тіршілік көзі дейді?
Судың екіге бөлінеді ме?
Қаланың суы ауылдың суына қарағанда не айырмашылығы бар?
Судың құрамында не бар?
Су денсаулыққа жақсы ма?
Объяснение: