5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Қазақстан көпұлтты республики екені бұрыннан белгілі. Кеңестік
дәуірде КСРО-дағы жалгыз интернационал ел аталғанымыз тегін
емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр тәлкегіне
ұшырап, әлемнің ер тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, аларды
туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан қазір Қазақстан
көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар дое.
тығы өнеге, халықтар достығы үлгі дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі
халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік
саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек»
дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты
бір және олардың еркiн еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясат
пен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ен ерекшелік сол
кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мұн-
дай үрдіс көптеген мемлекеттерде мүлдем жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байыт
жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспорала-
ры бар. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап,
ез діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жа-
тыр. Бұған әрине қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай
ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек
артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-
тың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
Көмектесіндерш 8 балл берем