5-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қой. Мәтін мазмұны бойынша парталасыңа сүрақ қойып, жауабын бағала. Ауа райын болжау - белгілі бір аймақтың алдағы уақыттағы ауа райы жағдайы туралы ғылыми мәлімет. Бұрын күн сәулесін, бұлттар- ды және басқа да табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ауа райын алдын ала болжайтын. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді табиғат аясын да, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көпжылдық тәжіри- белерін қорытып, аспан әлемі туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған. Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын - күн мен түн- нің, жыл мезгілдерінің, ай жаңалануының алмасып отыруын мұқият бақылап, есептей білудің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі үшін ора- сан зор тәжірибелік маңызы болған. Қазақтар осы есеп арқылы жайлау- ға қай уақытта көшу, күзеу және қыстауға қашан келу, қойды қай уақытта қырқу, қай мезгілде мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылыққа қолайлы мерзімдерді дөл басып, нақты белгілеп отырған.
Answers & Comments
Ответ:
атмосфера или ауа райы или кошпендылер