5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Алғыс
Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:
- Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рахмет! - деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!
Балалар бақшаға жүгіріп келді де, өсіп тұрған қызанақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбдырлады:
- Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы қара топырақты Жерге айтыңдар!
Қасым мен Хасен Жерге еңкейіп, басын иіп тұрып, алғыс айтты:
- Мейірімді Жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!
Жер жұмсақ, майда қара топырағын бүлк еткізіп, былай деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге шуақ себетін құдіретті Күнге айтыңдар!
Екі бала қара көзілдірік киіп, Күнге қарады да, бар дауыспен:
- Уа, әлемге тіршілік берген, мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай дәмді еді. Сол үшін саған көп-көп рахмет! – десті.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді Күн күлімдеп тұрып. - Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі! Қызанақты отырғызып, баптаған адамға алғыс айтыңдар!
Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп:
Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешей күлімдеп тұрып:
Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рахмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.
(М. Төрежанов )
Сұрақтар:
1. Екі бала кімдерге алғыс айтты? Не үшін?
2. Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?
3. Анасы балаларға қандай ақыл айтты?
4. Мәтінде отбасы бақытының қандай қағидасы берілген деп ойлайсың?
Answers & Comments
Verified answer
1.Екі бала апасына, өсіп тұрған қызанақтарға, құнарлы қара топырақты жерге, құдіретті күнге алғыстарын айтты. Себебі оларға қызанақтардың дәмдері қатты ұнады. 2.Нағыз алғыс иесі - анасы. Себебі ол бақшаны күні-түні баптап күтті.Соның жемісін де сондай дәмді қызанақтар пайда болып отыр. 3.Оларға: өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнгенде, еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге алғыс айтатын болады,- деп ақылын айтты. 4.Мәтінде жалпы еңбекқорлық туралы айтылған.