5-тапсырма. Жазылым. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын
орындаңдар. [5]
1. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат
құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы
қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз. (50-60 сөз). Төл сөз, төлеу сөздерді
қолданыңыз.
2. Сіз отбасыңызбен бірге аяқ астынан саяхатқа шығу керек болдыңыз. 3 күнге өз сынып
жетекшіңізден сұрануыңыз керек. Осыған байланысты өтініш (сұрану себебі, уақыты
көрсетілу керек) жазыңыз. (50-60 сөз)
Answers & Comments
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа-райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.Олар ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардын аман сақтау үшін ерте қамданып отырған.Ауа-райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап,күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған.Оны атадан балаға мұра етіп қплдырып отырған.Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап,естелікке алып отырумен бірге,өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс,ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес.