5-тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Не үшін?
Қадыр Мырзалиев
— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсылықты көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!
— Құлақ деген не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
— Жүрек деген не үшін керек?
– Барлығын да сүю үшін!
— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін!
— Ал аяғың?...
— Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!
• Өлеңдегі сұрақтарға өзің қалай жауап берер едің?
• Адам жанының сұлулығы неде деп ойлайсыңдар?
Answers & Comments
Ответ:
Екі көзің әлем көру үш керек
Екі қолын жақсылық жасау үшін
Құлақ есту үшін керек
Жүрек деген махаббат мейірімділікті сезіну үшін
Тіл мен жағың ақыл кеңес беру үшін
Ал Аяғымыз жүріп елге көмек беру үшін
Адам жанының сұлулығы тек сыртында ғана емес оның ішінде де деп ойлаймын себебі адам іші таза мейірімге толы болса ол адам басқа адамдардың сезіміне әсер етеді деп ойлаймын