ЖАЗЫЛЫМ окылым 5-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып қой. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Туризм (франц. tourisme, tour - серуендеу, саяхаттау, жол жүру) демалу адам бос уақытында өз еркімен көңіл көтеру, мақсатында арнайы ұйымдастырылатын іс-шара. Туризмге адам- дар тәуекелге бел буып, қалағанын көріп, қызықтау үшін, яғни басқа бір жерге ерікті түрде саяхаттап, серуендеу үшін барады. Жақын жердегі қысқа мезетті қыдыру түрі серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзім қыдыру саяхат деп аталады. - Туризм әлемдік экономикада басты рөл атқаратын саланың бірі болып саналады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша, әлемдегі әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-орында келеді. Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша, XXI ғасырда туризм дами түседі және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлікті құрайды. Туристерді тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды кездеспеген тосын жаңалықтар елік- тіреді. Ең бастысы, оларды өз елдерінен тыс жердегі, жат орта- дағы ерекше жағдай мен көңілді демалыстар, жайлы күйге бөлейтін өзгеше қызмет көрсету шаралары қызықтырады. Сон- дықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы роман- тикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айрықша мән беріледі. (Д. Жақып)
Пж көмек 10қоям​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.