Мына жалған дүниеге аяқ басқан әрбір перзент үшін ата - анасының бар болуы үлкен нығмет. Расында, бала үшін ананың орны маңызды болғандай, әкенің де рөлі жоғары тұрады. Әке - бұл отбасы деген кішігірім мемлекеттің орны толмас мүшесі, қамқоршысы, қоғамның негізгі бөлігі. Қазақ халқымыз ежелден ата - анаға деген сыйластық пен құрметті баланың бойына сіңдіре білген. Ал қазіргі таңда балаға бұл тәрбиені бере алатын жандар санаулы - ақ.«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» деп еркелетіп, қалай өскенін де байқамай кетеміз. Ғылым мен технология дамыған сайын баланы өз дегеніне көндіріп, оны тәрбиеге салу қиындап барады.«Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар»,- деп аталарымыз айтқандай барлығы да ата - ананың қалай тәрбие беруіне байланысты деп ойлаймын.«Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес - әке үлгісін көрмесе»,- деп Қорқыт атамыз айтып кетті емес пе?! Сондықтан баланы кішкентайынан жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеп, шыншыл болуға бағыттауымыз керек. Сонда ғана қоғамда «Ел анасы»,«Ел ағасы» дейтіндей ұлы тұлғалар қалыптасатынына сенімдімін. Ата – ана өмірдің мәнін де, дәмін де келтіретін Алланың бізге берген ұлы сыйы деп танимын. Ғаламның сұлулары татымайды, Анамның күліп тұрған бейнесіне. Әлемнің әтірлері татымайды, Әкемнің иісі сіңген жейдесіне.,- дегендей олар неткен мәртебесі биік, баға жетпес қадірлі жандар десеңші! Осы орайда мен әкеге құрмет, әкені қадірлеу, сыйлаудың маңызын айтқым келіп отыр. Кезінде Марк Твен «Жасым он төртте болғанда, әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы – тіреу, одан артық адам жоқ болды»,- деп айтқан екен. Сонда ол нені жеткізгісі келіп отыр?! Әрине, кейде біз жасымыздың аздығымен, еркелікпен әкеміздің ақылын түсінбей жатамыз. Сол уақытта ол бізге қамқор әке ретінде емес, аяусыз болып көрінеді. Сөйтіп оны бағаламай, қадірлемей кетеміз. Ал кезі келгенде, өзіміз де әке сезімін бастан өткерген сәтте, қаншалықты қателескенімізді түсінеміз. Әке баласы үшін жанын да беруге даяр - қамқор жан. Әуелгі бастан әкемізді ренжітпей, құрметтейік жақсыларым! Мүмкін сіз ақша жағынан бай емес боларсыз, бірақ әкеңіз бар болғаны үшін де нағыз байсыз! Себебі, сіздің рухыңыз биік, көңіліңіз тоқ. Әке деген байлықты қадірлейік, бар кезінде бағалап білейік! Өкінішке орай әке сөзінің қадірін жоғалтып жатқан жандар да аз емес. Қадірлі деген сөз әрбір адамға айтыла бермейді ғой! Әкенің қадірлі болуы - өз борышын орындап, баласына жақсы үлгі - өнеге көрсетуі.«Әкелі бала жаужүрек, әкесіз бала сұм жүрек»,«Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді»,- деп Бұқар жырау осы бір жандарға арнап айтқандай. Ал қадірсіз әкеші? Қараңыздаршы, қазіргі кезде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әкелеріміздің өз қадірін жоғалтуында емес пе?! Себебі отбасыдағы зорлық - зомбылық, ажырасудың көбеюі осыдан туындайды. Ер азамат өз отбасын асырамай, түрлі құмарлықтарға жол ашса, отбасының берекесі кететіні сөзсіз! Біз жаңалықтардан балалардың көзінше әйелін сабап өлтірген жауыз әке, 4 - 5 баласымен әйелін тастап кетіп жатқан әкелер туралы ақпарат алудамыз. Мұның себебі бала кезден мейірім жетіспеушілігі әрі ата - ананың балаға немқұрай қарауы. Осы жағдайлардың алдын - алу үшін мен «Жастарға ақыл - кеңес беретін арнайы мектеп, орталық» ашуға кеңес беремін. Онымен қоса, тәрбиеге байланысты арнайы пән болуы қажет деп санаймын. Бұл қазіргі қоғамның талабы.
Answers & Comments
Verified answer
Мына жалған дүниеге аяқ басқан әрбір перзент үшін ата - анасының бар болуы үлкен нығмет. Расында, бала үшін ананың орны маңызды болғандай, әкенің де рөлі жоғары тұрады. Әке - бұл отбасы деген кішігірім мемлекеттің орны толмас мүшесі, қамқоршысы, қоғамның негізгі бөлігі.Қазақ халқымыз ежелден ата - анаға деген сыйластық пен құрметті баланың бойына сіңдіре білген. Ал қазіргі таңда балаға бұл тәрбиені бере алатын жандар санаулы - ақ.«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» деп еркелетіп, қалай өскенін де байқамай кетеміз. Ғылым мен технология дамыған сайын баланы өз дегеніне көндіріп, оны тәрбиеге салу қиындап барады.«Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар»,- деп аталарымыз айтқандай барлығы да ата - ананың қалай тәрбие беруіне байланысты деп ойлаймын.«Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес - әке үлгісін көрмесе»,- деп Қорқыт атамыз айтып кетті емес пе?! Сондықтан баланы кішкентайынан жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеп, шыншыл болуға бағыттауымыз керек. Сонда ғана қоғамда «Ел анасы»,«Ел ағасы» дейтіндей ұлы тұлғалар қалыптасатынына сенімдімін.
Ата – ана өмірдің мәнін де, дәмін де келтіретін Алланың бізге берген ұлы сыйы деп танимын.
Ғаламның сұлулары татымайды,
Анамның күліп тұрған бейнесіне.
Әлемнің әтірлері татымайды,
Әкемнің иісі сіңген жейдесіне.,- дегендей олар неткен мәртебесі биік, баға жетпес қадірлі жандар десеңші! Осы орайда мен әкеге құрмет, әкені қадірлеу, сыйлаудың маңызын айтқым келіп отыр. Кезінде Марк Твен «Жасым он төртте болғанда, әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы – тіреу, одан артық адам жоқ болды»,- деп айтқан екен. Сонда ол нені жеткізгісі келіп отыр?! Әрине, кейде біз жасымыздың аздығымен, еркелікпен әкеміздің ақылын түсінбей жатамыз. Сол уақытта ол бізге қамқор әке ретінде емес, аяусыз болып көрінеді. Сөйтіп оны бағаламай, қадірлемей кетеміз. Ал кезі келгенде, өзіміз де әке сезімін бастан өткерген сәтте, қаншалықты қателескенімізді түсінеміз. Әке баласы үшін жанын да беруге даяр - қамқор жан. Әуелгі бастан әкемізді ренжітпей, құрметтейік жақсыларым! Мүмкін сіз ақша жағынан бай емес боларсыз, бірақ әкеңіз бар болғаны үшін де нағыз байсыз! Себебі, сіздің рухыңыз биік, көңіліңіз тоқ. Әке деген байлықты қадірлейік, бар кезінде бағалап білейік!
Өкінішке орай әке сөзінің қадірін жоғалтып жатқан жандар да аз емес. Қадірлі деген сөз әрбір адамға айтыла бермейді ғой! Әкенің қадірлі болуы - өз борышын орындап, баласына жақсы үлгі - өнеге көрсетуі.«Әкелі бала жаужүрек, әкесіз бала сұм жүрек»,«Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді»,- деп Бұқар жырау осы бір жандарға арнап айтқандай. Ал қадірсіз әкеші? Қараңыздаршы, қазіргі кезде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әкелеріміздің өз қадірін жоғалтуында емес пе?! Себебі отбасыдағы зорлық - зомбылық, ажырасудың көбеюі осыдан туындайды. Ер азамат өз отбасын асырамай, түрлі құмарлықтарға жол ашса, отбасының берекесі кететіні сөзсіз! Біз жаңалықтардан балалардың көзінше әйелін сабап өлтірген жауыз әке, 4 - 5 баласымен әйелін тастап кетіп жатқан әкелер туралы ақпарат алудамыз. Мұның себебі бала кезден мейірім жетіспеушілігі әрі ата - ананың балаға немқұрай қарауы. Осы жағдайлардың алдын - алу үшін мен «Жастарға ақыл - кеңес беретін арнайы мектеп, орталық» ашуға кеңес беремін. Онымен қоса, тәрбиеге байланысты арнайы пән болуы қажет деп санаймын. Бұл қазіргі қоғамның талабы.