Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті.
Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың қорымы Қазақстанда көптеп кездеседі .
2.Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі – Күн),планеталар (соның бірі – Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі – Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жұлдыздар жүйелері мен олардың шоғырлары ғаламдарды (галактикаларды) құрайды.Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің ғалам деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар. Біздің ғаламның құылымы көрсетілген. Күн – бізге ең жақын қатардғы орташа жұдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен Қозғалатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал біздің ғаламның бір шетінен екінші шетіне жүз мың жыл жүріп жетеді.
Жер Күнді айналып жүрген тоғыз планеталардын бірі. Оны айналып жүрген серігі – Ай. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді.
Біздің ғаламның сыртында тағы да жүз миллиондай ғаламдар бар екені белгілі болды. Кейбір ғаламдағы жұлдыздар құйын үйірген шаң-тозаңдай, оралма (спираль) бойымен орналаскан. Аспандағы «кұс жолы» – Біздің ғаламдағы жұлдыздар жиі орналасқан сондай оралмалардың бір бұтағы. Ғаламдардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан түзіледі.
Қазіргі астрономия жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан-денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді де зерттейді.
Астрономиялық құбылыстар қатарына әлем кеңістігіндегі денелердің қозғалысы, сондай-ақ ол денелерде жүріп жатқан сан алуан процестер жатады. Ал ондай процестер физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, т.с.с. құбылыстармен тығыз байланыста болады. Ендеше астрономия ғылымы да көптеген басқа ғылымдармен астаса отырып дамиды.
Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана
күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол – И. Ньютон ашқан Бүкіл әлемдіктартылыс заңы.
Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол физиканың зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос- Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия құбылыстарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астро-физика деп аталады.
Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей терең вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары
Н. Армстронг пен Э.Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген алғашқы сәті көрсетілген.
Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы — космонавтика (грекше космос — ғарыш және наутик- кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.
Казіргі астрономия сонымен қатар бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия тарамын космогония деп атайды. Космогония әлемдегі ғаламдар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды? Оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр? деген сұрақтарға жауап береді.
Сондай-ақ бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: