50 БАЛЛ, НЕ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МАЗМҰНДАМА, ӨТІНЕМІН!!!
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз қайда барасың?..
Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып.
Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
Ойың өнім егіс қой.
Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді....?
Answers & Comments
Ақын өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттейді.Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: «Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? – деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Шығарманың идеялық мазмұны: дүние өзгерді, жер,су, адам,әкім-бәрі азды,тозды,бұзылды;енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген түсінік. Туған жердің қасіретін көру, арқыраған Аягөздің сол кездегі аянышты халін ақын ретінде жан-жүрегімен езіле егілу өкінішімен ұштасып жатады. Туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді.