Қажымұқан Қажымұқан жас кезінен күшті болған.Бала кезінен жалшылықта жүріп, жұмыс істегенде оның күшіне ел таңғалады екен.Осы баланы бір күні екі ат жеккен арбамен отын әкелуге жіберіпті.
Қыстың аяз болған кезі болса керек, екі ат отынды тарта алмай, біреуі мертігіп, жүре алмай қалыпты.Сонда бала жігіт қарлы суықта далада қалғысы келмей, мертіккен атты арбаға сап,өзі сол аттың орнына тұрып, отынды ауылға әкепті.Осыдан бастап, кайраты мол жас баланың күші жайындағы әңгіме ауылға, одан аймаққа тарапты.Бұған қоса Қажымұқанды жалдаған бай менің осындай мықты құлым бар деп мақтаныпты.Қажымұқан ең алдымен цирктерде күш өнерін көрсеткен.Ол осы өнерімен дүние жүзін аралап кеткен. Кейін жекпе - жек күрестерге түскен.Талай елде женіске жетіп,құрмет тұғырына көтерілген. Тапсырмалар.
1.Мәтінге 5 сұрақ құрастыр.Сұраулы сөйлемдер ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары мен сұраулы есімдіктер арқылы құрастырылуы тиіс.
2.10 зат есімді теріп жаз, септік жалғауларын анықта.
3.Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жаз. жағын анықта.
Answers & Comments
Ответ:
Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен. Қыстың кақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың қамытын мойнына іліп, шананы ауылға өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты. Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен. Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік Қазақстан облысында өткізді. Осы күнгі Бөген ауданы оның қартайған кездегі кұтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген адам әркашан бақытты.