Еліміздің Жаркент қаласынан 30 шақырымдық жерде Әулие ағаш деген ауылда ерекше ағаш өседі. Оның ерекшелігі - жуандығы алты адамның құшағы әрең сиятын 700 жастағы ерекше ағаш. Бұл – қарағаш тұқымды ағаш. Осы секілді алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар екен. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулартүрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Қасиетті қарағаш.