Осы қысқа мерзімде Қазақ елі басқалар ғасырлар көлемінде іске асырыла алмаған табыстарға қол жеткізгендігі белгілі. Аталған уақыттағы Отанымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру, ғылым, т.б. салалардағы табыстары халқымызға, барша әлем жұртшылығына аян. Ядросыз әлем – ол адамзат ұмтылуға тиіс біздің ортақ мақсатымыз. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ядролық қарусызданумен тығыз байланысты. 1991 жылы 29 тамызда Президент Н.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді. Қазақстан адамзаттың бүгінгі және болашақ ұрпағы арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білді. Нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық, елдің тұрақты экономикалық және саяси дамуы болып табылатындығын өз мысалымен сенімді дәлелдеді.
Answers & Comments
Ответ: