5сынып бжб 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар әртүрлi жағдайларда көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер және түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай әрекетке келетiнiн жаңылмай, дәл айтуға болады. Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бәрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мәндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезiм, ниет, әрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы әртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тәуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мәндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң әсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейiн арттыра түседi. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Answers & Comments
Ответ:
вотттттттттттттт
Объяснение:
но 8 баллов очень мало