Осыдан тұп-тура 1270 жыл бұрын, яғни 751 жылдың шілде айында, Тараз (Талас) қаласына іргелес жатқан шағын ғана Атлах бекінісі маңында күллі Азия мен Қазақ жерінің тағдырына түбірлі өзгеріс әкелген орасан зор қанды шайқас болған еді. Зерттеуші ғалымдар оны бірде «Талас шайқасы» деп жазса, бірде «Атлах шайқасы» деп жазып келді. Біз шайқас алаңының ауқымын, екі жақтан соғысқа қатысқан әскердің қимыл-қозғалысын ескере отырып, бұл алапат айқасты «Атлах-Талас шайқасы» деп атауды жөн көрдік. Ал еліміздің тарих оқулықтарында өз жерімізде болып өткен осынау аса маңызды тарихи оқиға туралы мардымды ешнәрсе жоғы өкішті.
Атлах – VІ-ХІІ ғ.ғ. Талас-Шу бойындағы аты шартарапқа мәлім болған түрк қалаларының бірі. Академик Әлкей Марғұлан Атлахты – Отлых деп жазыпты. Араб тарихшысы әл-Макдиси 985 жылы: «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі. Мешіті орталығында, базары – рабатта (қала шетінде) болған» деп жазады. Махмұд Қашқари болса «Атлұқ-Отлық» мұндағы «Отлық» дегеніміз қазақ тіліндегі отты, шалғын шөпті, көгалды жер» деген мағынаны білдіреді. Талас (Тираз) маңындағы бір қаланың аты» деп қысқа қайырады. Орыс тарихшысы А.Бернштам өзі ашқан археологиялық айғақтарға сүйене отырып: «Атлах қаласының орны Тараз қаласына таяу жердегі Жуантөбеде, оның үйіндісінің айналасы 280/140 метр аумақты алып жатыр» деп нақтылай түседі.
1 votes Thanks 0
magatashmanov1
сен тек бірінші абзацысты жассаң толық инфа. алмайсын
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: