6 -тапсырма. Сағат тілі бойынша берілген сөздердің бас әріптерін алып оқысаң, жаңа сөз шығады. Осы сөзді қатыстырып, шағын мәтін құра. Қуатты айбатты нұрлы зайырлы асқақ тәуелсіз ауқатты салауатты қайратты
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.
Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде, біз санаулы жылда адам айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.
Answers & Comments
Ответ:
Қазақ сөзі шығады.
Қазақ

Объяснение: