Өзімнің сүйікті ісім бұл менің сабақтарым. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан кішкентай балалармен жұмыс жасаймын. Математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, дүниетану т.б. пәндеріне дайындалғанда, әр түрлі тапсырмалар жазғанда шабыттанамын. Әдіс-тәсілдер арқылы баланы шабыттандыра отырып өзім де шабыттанамын. Сол шабыттың арқасында ізденіп, зерттеп жүргенде бір жақсы дүниелер пайда болады. Өткізген сабақтарым оқушыларға ұнағаның, оқушылардың көз қарастарымен қызығушылықтарынан сеземін. Сабақ үстінде балалардың барлығы жұмыс жасап, тақырыпты түсініп, берген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, білім алады. Түсінбеген балалармен сабақтан тыс уақытында қалып, сұрақ қойып, басқа тапсырмаларды орындайды. «Түсіндім», «Білдім» деген сөздерінен кейін, мұғалім мен сізді жақсы көремін дейді. Ол барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан ісіме риза боламын және жаңа әдістерді тауып шығармашылыққа бой алдырып, оқушыларыма үйретсем, көрсетсем, сезіндірсем екен деп шабыттанамын.
Объяснение:
«Оқу-білім – инемен құдық қазғандай» — демекші, әрбір ұстаз үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Оның үстіне қазіргі қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, дамып келеді. Заманның өзгеруіне қарай ұстаздар қауымы да өз білімдерін уақыт өткен сайын шыңдауда. Оқып, танып,білген нәрсені оқушыларыма дұрыс жеткізгенде ғана «Мұғалім», «Ұстаз» атына лайықтысын. Оқушыларыммен жеке сөйлескенді ұнатам. Өзіңмен тең санап, жүрегінің кілтін таба білсең, сол баланың сыр сандық екенін ұғасың.Міне, балаларды өзін-өзі тануға баулып келемін. Сыныпқа кіріп, өз тағдырын сенің қолыңа тапсырып қойғандай жәудірей қараған сары үрпек балапандарды көргенде, жаның елжіреп кетеді-ау! Сол балапандардың жүрегіне ізгілік нұрын себу, оларды мейірімді, шыншыл, адал етіп тәрбиелеу, туған елді, туған жерді қастерлеу, ата-ананың қадірін білу құндылықтарын сіңіру парыз және міндет екенін түсінесің. Бұл пән оларға ұнайды. Өйткені, олар мені қуанышпен қарсы алады. Апта сайын асыға күтеді. Балалардың бақытты жүздерін көрген сайын мен де бақытқа бөленемін, шабыттанамын. Менің ойымша ұстаз үшін одан артықтың керегі де жоқ шығар…
Answers & Comments
Ответ: